Домбыра party. Ұлылық - қарапайымдылықта

Блог - Daniar-Alan: Домбыра party. Ұлылық - қарапайымдылықта

Алдымен қысқаша тарихына тоқталып өтсек. Пати осыдан дәл бір жыл бұрын 2012-нің жазында Астанада аралас-құралас жүретін жақын достардың кездесуінен бастау алды. Алғашында kerekinfo.kz блогтұғырына баннерлер іліп, оны әлеуметтік желілер арқылы жарнамалап, таныстарымызды, достарымызды шақырып өткізіп жүрдік. Ол кезде қазіргідей нөпір халық емес, қызығушылар аз-тын. Қыдырыстап жүрген адамдардың көбісі аз-кем аялдап, тек ара-арасындағылар ғана аяғына дейін тыңдап кететін. Күн жаңбырлы болса да өткізуге тырысатынбыз. Негізгі тыңдаушылар сол kerekinfo.kz сайтының қолданушылары болса, негізгі орындаушылары да сол керектіктер-тін. 2-3 сағаттап дауыстары қарлыққанша ән айтатын Нұрғиса Асылбек, Алдан Жылгелді, Алмас Алтайдың бұл шараға сіңген еңбегі ұшан теңіз. Жүргізуші Маралбек Сағынғановтың еңбегі де кем соқпайды олардан.
Әрі қарай

Жүрек жиі ауырмасын десек... Жүйкесі нашарларға арналмаған!

Адам бойында 5 литрдей қан болады екен. Осы мөлшердің жартысы ғана денені қоректендіруге жұмыс жасайды, ал қалғаны «резервте» тұрады екен. Резервте тұрған дүниенің сиқы келісті болмайды ғой. Тұрған қан ұйып, қою тартады екен. Жүрекке артық жұмыс жасау осылай басталады.
Әрі қарай

Баян таудың басында...

Есағама, Есен братқа, Есен Елеукенге рақымет айтқым келеді:
— Тау басында бір батыр,
Жайбарақат жатқан ба?!
Түстік жерден қас жауы,
Көздеп тұрып атқанда ,- деген өлеңді мен тым бала кезімде оқығам. Бұл Абылай бастаған қазақ жасағының жас жауынгері Жасыбай батырдың өліміне қарата айтылған жыр. "… Содан кейін батыр жерленген тау да Жасыбай тауы аталды, тау етегіндегі көл де Жасыбай көлі аталды" деген жолдар есімде-тін. Сол өлке табан тіреймін, бара қалам деген ой болмапты басымда. Ғайыптан хабар келді, Есағама хабарластым, «жүр» деді, мың болғыр. Сөйтіп, Баянауылды да көрдік.
Әрі қарай

Махаббат Апталығына: Тағдыр

Махаббат апталығын бастаған сайт әкімшілігіне алғыс білдіремін. Мынау өлеңді жақында жазғам, осында ілем деп жүргенде біраз уақыт өтіп кетіпті. МАХАББАТ АПТАЛЫҒЫ жақсы идея, дәстүр-салтты қайдам, әдемі сылтау болды… Кешіріңіздер, мәртебелі ПОЭЗИЯ сөз алсын, алдымен аз-кем кіріспе, өлең тарихы іспеттес…

Ақпанның 13-14 күндері Маңғыстау, Ақтауда үлкен өнер кеші өтеді. Есімдерін ел білетін, өнеріне әлем шапалақ ұрып, қошемет білдірген «Жорға» халықтық би ансамблінің құрылғанына 15 жыл толады. Сол «Жорғаның» бас бапкері менің досым, Серік САРИЕВ деген азамат. Ансамбль қазақ эстрадасындағы біраз қыз жігіттермен тығыз байланыста жұмыс жасаған. "Қазақтың 100 әні",«Аймақтар аламаны» секілді жобаларда аса жоғары жетістіктерге жеткен. Тамара Асардың жеке би ұжымы болып саналатын «Жорғаға» жақында Роза Рымбаева құда түсті. Ақпанның ортасындағы Ақтаудағы кеш өткеннен кейін «Жорға» Астанада өтетін Роза Қуанышқызының «Шақырады Көктемінде» билейді.
ПыСы: Жақында Серік хабарласып Розаның айтатын 4-5 әнін топтап, бас-аяғы бүтін бір композиция жасағысы келетінін айтты. Сондағы орындалар ән мен қойылар биге кіріспе сөз керек екен. "Өлең керек! 4 шумақ, ол төрт жерде оқылады, жеке тұрғанда да, тұтас алғанда да мағнасын сақтайтын өлең жазшы..." Әне, талап қайда жатыр Содан мынау өлең жазылды… Қарап жіберіңіздерші....



Тағдыр!

Санамда жауабы жоқ сан сұрақ тұр,
Жанымды отқа тастап, қамшылап жүр…
Жалғыздық – дерт!
Көрермін!
Көнемін де…
Жазылса пешенеме жалқы тағдыр…
Жалғанның жанарында жарты бақ тұр…
Әрі қарай

Инвестиция

ИНВЕСТИЦИЯ
… Махаббат пен адамгершілікті мадақтайтын, жеңіл әзілге құрылған сырлы картина секілді зу ете түсіпті.
Әрі қарай